Вакансиялар

Корпоративтік ақпараттық жүйелердің аға әкімшісі

Талаптар:

  • Жоғары техникалық / IT білім;
  • IT саласында кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
  • BMC REMEDY әкімшілік ету тәжірибесі: кем дегенде 2 жыл
  • Регламенттік, жобалық және эксплуатациялық құжаттаманы әзірлеуде практикалық машықтарының болуы;
  • Ақпараттық жүйелерді ендіру үдерісін ұғыну;
  • WindowsServer 2008 - 2012 тобындағы Linux жүйелерімен жұмыс істеу тәжірибесі
  • BMC Remedy негізінде ИТ-сервистерді басқару жүйесі бойынша негізгі кәсіби білім (архитектура, функционалдық мүмкіндіктер мен шектеулер, жапсарлас жүйелермен бірігу қағидаты, өрістету және икемдеу, импорт/экспорт, деректерді көшіру, жұмысқа қабілеттілікті қолдау, қақтығыстарды болдырмау, есептілік.
  • СУБД-ны (MS SQL, ORACLE) сенімді білу
  • ITIL қағидаларын білу (ITIL/ITSM; BMC сертификаттарының болуы құпталады)
  • Еnterprise шешімдерді жүзеге асыру тәжірибесі
  • Техникалық құжаттаманы оқу үшін, техникалық ағылшын тілін жақсы білу

Міндеттері:

  • SLA талаптарын орындай отырып, Remedy бағдарламасындағы ИТ үдерістерді автоматтандыру, эскалацияларды, хабарландыруларды икемдеу
  • Есептілік жүйелерімен жұмыс істеу
  • Интеграциялық модульдерді әзірлеу және басқа жүйелермен икемдеу
  • Linux, SunSolaris серверлеріне әкімшілік ету;
  • Жүйелерді қолдану жөніндегі нұқсаулықтарды құру;
  • ITSM үдерістеріне қатысты келісімдеу модульдерін әзірлеу
Аға инженер-энергетик

Талаптар:

  • жоғары техникалық білім;
  • энергетика саласында жұмыс тәжірибесі;
  • электр және гидравликалық сызбаларды оқу дағдылары;
  • электр қондырғылары мен электр жабдықтарын құрастыру, орнату, икемдеу, реттеу және тексеру дағдылары;
  • жеке тұлғалық қасиеттері: жауапкершілік, мұқияттылық, орындаушылық;
  • жеке автокөлігінің болуы.

Міндеттері:

  • электр қуаты желілерін/жүйелерін және ДГҚ техникалық пайдалануды ұйымдастыру;
  • жабдыққа техникалық күтім жасау, оны тексеру, икемдеу және сынау жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • профилактикалық тексерулердің, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулердің өткізілуін ұйымдастыру;
  • электр қуаты желілерінің/жүйелерінің және Батыс өңірінің ДГҚ жұмысын бақылау;
  • жүйелер мен жабдықтың жұмысында бұзылу және бұзушылық жасау жағдайларын талдау, бұзылыстарды жою және олардың алдын алу шараларын қабылдау;
  • жабдықты жөндеу және техникалық күтім жасау бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарларын, нұсқаулықтарын, кестелерін әзірлеу;
  • материалдар, аспаптар, жабдықтарға өтінім беру;
  • электр қуаты желілерінің жағдайын талдау, таныстыру рәсімдері мен қорытындыларын дайындау.
Негізгі құрал-жабдықтардың есебі жөніндегі менеджер

Талаптар:

  • жоғары қаржылық білім
  • ірі компанияларда кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі
  • ХҚЕС білу
  • іссапарларға дайын болу
  • басқарушылық тәжірибе
  • ағылшын тілін білу қосымша артықшылық болып табылады
  • жоғары аналитикалық дағдылары, үлкен көлемде ақпаратпен жұмыс істеу тәжірибесі
  • мақсаткерлік, ұқыптылық, нәтижеге бағдарлану, стресске төзімділік

Міндеттері:

  • НҚ қозғалысымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте көрсетілуін бақылау
  • дебиторлық және кредиттік берешектер бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысын бақылау
  • аудиторлардың нұсқаулары негізінде НҚ есебі бойынша саясатты әзірлеу барысына қатысу
  • НҚ қозғалысы бойынша есептерді талдау және жүргізу
  • НҚ-мен байланысты қаржы департаменті қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру
Сатуларды қолдау жөніндегі маман (Қарағанды қ.)

Міндеттері:

  • Қоймада ТМҚ сақтау және беру;
  • Абоненттік жабдықты, жарнамалық және баспа өнімдерін сату кеңселеріне, ұлттық, өңірлік дилерлерге тиеп жіберу;
  • Тиелген абоненттік жабдық бойынша есеп беру;
  • Шарттармен жұмыс істеу, дилерлерге ұсыну, сыйақы есептеу, құжат айналымымен жұмыс істеу;
  • Дилерлердің абоненттерді тіркеуімен байланысты жұмыс: тіркеу нысандарын қабылдау және өңдеу, дилерлерге қарыздар бойынша апта сайын хабарлама беру;
  • Дебиторлық берешекті басқару.

Талаптар:

  • Бухгалтер қызметінде кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
  • 1С бағдарламасын жақсы білу
  • Салыстырып тексеру актілерімен жұмыс тәжірибесі
  • Еңбекақы есептеу тәжірибесі
  • Қоймамен жұмыс тәжірибесі
  • Автокөліктің болуы міндетті
  • Жеке тұлғалық қасиеттері: мұқияттылық, жауапкершілік.
Радио желісін қолайландыру жөніндегі жетекші инженер

Міндеттері:

  • Күнделікті конфигурациялық файлдарды жүктеп алу негізінде, автоматтандырылған скриптинг әзірлеу арқылы радиопараметрлерді базалық станцияның түрі мен пішіміне байланысты түзету.
  • Радио қолжетімді барлық технологиялар аясында күнделікті көршілестік менеджменті.
  • БД RNP софтпен (ForskAtoll, InfovistaMentum) барлық мүмкін байланыстарды ұйымдастыру.
  • Драйв-тесттерді өткізу үшін методология мен тест бірізділігін дайындау.
  • Желінің жаңа функционалын ендіруге арналған скриптинг әзірлеу.

Талаптар:

  • Мобильді байланыс саласында кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • GSM/UMTS/LTE/NB-IOT радио қолжетімділігінің қолданыстағы барлық технологияларын білу.
  • Радио параметрлер саласын жақсы білу.
  • Әртүрлі вендорлармен жұмыс тәжірибесі.
  • Келесі БЖ-ны жақсы білу және жұмыс тәжірибесінің болуы : U2000, PRS, Forsk Atoll, InfovistaMentum, TemsInvestigtion, Tems Discovery, Nemo Outdoor, Nemo Analyze, Nastar.
  • БД, SQL, php жақсы білу міндетті.
IP желісін жоспарлау бөлімінің жетекші инженері

Талаптар:

  • жоғары техникалық білім;
  • SDH, Ethernet технологиялары негізінде көлік желілерін құру технологияларына және IP, MPLS, MP-BGP, BGP, ISIS, OSPF желілік хаттамаларына қатысты қолданбалы машықтары мен білімінің болуы;
  • Huawei, Cisco, Ericsson, Juniper компанияларының жабдығында құрылған талшық-оптикалық көлік желілерімен жұмыс тәжірибесі;
  • байланыс желілерінде деректер мен дыбысты тарату жабдығын құру және пайдалану саласындағы қолданбалы білім;
  • Cisco, Juniper, Huawei (CCNA, CCNP, CCIE, JNCIA, JNCIS-SP, JNCIP, JNCIE, HCNA, HCNP, HCIE) сертификаттарының болуы;
  • MobileBackhoul желілерімен жұмыс тәжірибесі
  • HTML, CSS, PHP, MySQL, Python бағдарламаларымен жұмыс тәжірибесінің болуы абзал.
  • GGC, FNA, Akamai шешімдерімен CDN бағдарламасымен жұмыс тәжірибесінің болуы абзал

Жеке тұлғалық қасиеттері:

  • байланысқа бейімділік;
  • ашықтық;
  • жауапкершілік;
  • өз бетімен шешім қабылдауға қабілеттілік

Міндеттері:

  • көлік желілерінің топологиясын жоспарлау;
  • көлік желілерінің функционалдық мүмкіндіктері мен кеңейтілуін жоспарлау;
  • көлік желілері жабдығының конфигурациясы;
  • көлік желілерін пайдалану барысында макроөңірлік мамандарға қолдау көрсету;
  • көлік желілеріне аудит жүргізу және оны оңтайландыру;
  • жаңа көлік тораптарын іске қосу;
  • вендор-компаниялардың сервистік қызметтерімен өзара әрекеттесу.
Сауда желісін дамыту жөніндегі супервайзер (Түркістан қ.)

Талаптар:

  • Жоғары білім;
  • Сату саласында жұмыс тәжірибесі;
  • 5 адамнан артық команданы басқару тәжірибесі;
  • Түркістан мен Кентау нарығын білу;
  • Облыстық елді мекендерде дистрибуцияны құру тәжірибесі;
  • Қаржылық және іскерлік құжаттамамен жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Кездесулер ұйымдастыру және келіссөздер жүргізу дағдыларын игеру;
  • Тренинг өткізу дағдылары;
  • Жеке автокөліктің болуы;
  • Жеке тұлғалық қасиеттер: ашықтық, нәтижеге жоғары бағдарлану, стресске төзімділік, өзіне сын көзбен қарау, жедел әрекет ету қабілеті.

Міндеттері:

  • Сеніп тапсырылған аумақтағы сату жоспарын орындау
  • Сандық және сапалық дистрибуция бойынша жоспарларды орындау
  • ТТ арналған мотивациялық бағдарламалардың өткізілуін бақылау
  • Сауда өкілдерін таңдау және оқыту
  • Бас кеңсеге қажетті есептерді тапсыру
Биллинг жүйелерінің әкімшісі

Талаптар:

  • IT саласындағы жоғары білім;
  • IT бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесі, кем дегенде 1 жыл;
  • АЖ жұмыс істеу қағидаларын білу;
  • телекоммуникациялық және IT жабдықтарды, биллингтік және ERP жүйелерді білу;
  • IT саласын білу және онда машықтану. ОС UNIX, WindowsServer бағдарламаларымен жұмыс тәжірибесі; SQL (PL SQL) тілін білу;
  • ДҚБЖ-мен жұмыс тәжірибесі: ORACLE, MSSQL Server;
  • Unix (shell)-мен жұмыс дағдыларының болуы;
  • жеке тұлғалық қасиеттері: үйренуге бейімділік, жауапкершілік, мұқияттылық, байланысқа бейімділік;
  • ақпараттық жүйемен (АЖ) жұмыс қағидаларын білу.

Міндеттері:

  • биллингтік жүйенің және онымен байланысты басқа жүйелердің бағдарламалық қосымшаларына әкімшілік ету;
  • бизнес-қосымшаларды сүйемелдеу бөлімінің маманы мәселені ушықтырып жіберген жағдайда, мәселені шешу;
  • тұрақты операцияларды орындау бойынша кезекшілерге арналған нұсқаулар мен процедураларды құру;
  • басқа АЖ-мен бірігуді талдау және іске асыру;
  • ақпараттық жүйенің (АЖ) жұмысы барысында пайда болатын даулар мен мәселелерді шешу;
  • 2-ші қолдау деңгейін қамтамасыз ету;
  • қосымшалар деңгейінде қолжетімділік ұсыну;
  • ақпараттық жүйені (АЖ) сүйемелдеу бойынша тұрақты операциялар мен процедураларды орындау;
  • формалданбаған сүйемелдеу операцияларын орындау;
  • АЖ пайдаланудың ішкі үдерістерін техникалық ұйымдастыру және ретке келтіру (бэкапты қамтамасыз ету, диск кеңістігін босату, операцияларды автоматтандыру);
  • кезекші инженерлермен бірігіп, сүйемелдеу операцияларын формалдандыру;
  • кезекші инженерлермен және әзірлеушілермен бірігіп, бақылау нүктелері мен TrobleShooting сипаттау;
  • процедуралар мен сүйемелдеу операцияларын дер кезінде жаңарту;
  • қосымшаны пайдалану құнын азайту үшін, сүйемелдеу операцияларын автоматтандыру;
  • өнімділікті талдау және икемдеу;
  • жүйелердің бұзылудан кейінгі жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру;
  • бұзылыстың түпкі себебін анықтау.
Клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі маман (Алматы қ. және өңірлер)

Талаптар:

  • Арнайы орта немесе аяқталмаған жоғары білім;
  • Бастапқы бухгалтерлік құжаттамамен және кассалық операциялар бойынша есептілікпен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • Қолма-қол ақшамен және пос-терминалмен жұмыс жасау тәжірибесі;
  • Сату және қызмет көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі шамамен бір жыл (болғаны абзал);
  • Клиенттермен қатынастар орнату машықтары, тіл тапқыштық;
  • Жауаптылық, ұқыптылық, зейінділік;
  • ДК тәжірибелі пайдаланушы (знание MS Word, MS Excel, Outlook);
  • Сауатты сөйлеу.

Міндеттері:

  • Абоненттерге компанияның қызметтері, тарифтері және акциялары бойынша кеңес беру;
  • Клиенттермен келісімшарттар рәсімдеу және қайта рәсімдеу, нөмірлерді қалпына келтіру, сим-карталарды ауыстыру және т. б.;
  • Компанияның қызметтері мен өнімдерін сату;
  • Өнімдерді пайдалануда және қызметтерді баптауда клиенттерге көмектесу;
  • Төлемдер қабылдау және есептер жасау.
Өңірлердегі желіні пайдалану тобының аймақтық инженері (Астана қ.)

Міндеттері:

  • өңірдің радио және трансмиссиялық желісі мен коммутаторын пайдалану және қызмет көрсету;
  • желідегі апатты талдау және мониторинг жасау;
  • бөлімше бойынша қойылған міндеттердің уақытылы орындалуын жоспарлау және бақылау;
  • бөлімшенің үдерістері мен жұмысын ұйымдастыру, бақылау және талдау.

Талаптар:

  • жоғары техникалық білім;
  • телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес;
  • басшылық лауазымда жұмыс тәжірибесі;
  • телекоммуникация саласындағы жабдықтар мен жұмыс істеу қағидаттарын білу;
  • жеке автокөлігінің болуы;
  • жеке қасиеттері: жауаптылық, ұқыптылық, тіл тапқыштық, мақсатқа талпынушылық.
DBА жетекші әкімшісі

Талаптар:

  • жоғары білім (IT);
  • Oracle 8i, 9i, 10g,11g деректер қорын әкімшілеу тәжірибесі;
  • enterprise Manager, резервтік көшіру/қалпына келтіру, RMAN, DataGuard + standby databases;
  • өнімділікті баптау, ASM, әзірлеушілерді қолдау;
  • ОЖ білу: MS Windows , UNIX.

Міндеттері:

  • Деректер қорының қолжетімділігімен байланысты белсенді әрекеттер және мониторинг;
  • Деректер қорының өнімділігімен байланысты белсенді әрекеттер және мониторинг;
  • ДҚ пайдаланушыларын әкімшілеу жөніндегі жұмыстар;
  • ДҚ резервтік көшіруді баптау және сүйемелдеу;
  • жаңа ДҚ өрістету және сүйемелдеу жөніндегі жұмыстар;
  • RMAN;
  • Active data guard;
  • SQL сауалдар, нұсқа деңгейіндегі ДҚ өнімділігін баптау;
  • 24*7 тәртіптемесінде ДҚ қолдау;
  • жобаларға қатысу;
  • қажетті құжаттама жүргізу;
  • ағымдағы конфигурацияларды оңтайландыру немесе қайта құру бойынша ұсыныстар;
MFS өнімдері жөніндегі менеджер

Талаптар:

  • Мобильді операторларда / қаржы ұйымдарында мобильді қаржы сервистері саласында Project менеджер ретінде жұмыс тәжірибесі 2 жылдан бастап.
  • Телекомда мобильді қаржы сервистерін іске қосу және сервистердің толық тіршілік кезеңін басқару бойынша практикалық тәжірибе.
  • Мобильді операторларға арналған электрондық коммерция шешімдерін жеткізушілерді білу, жеткізушілермен өзара әрекеттесу тәжірибесі, оңтайлы жеткізушіні таңдау тәжірибесі.
  • Мобильді қаржы сервистері саласындағы VAS өнімдерінің роадмэпін сәтті іске асыру тәжірибесі. Келешегі мол VAS өнімдерін түсіну.
  • Телекомдағы баға белгілеу қағидаттарын, мобильді оператор желісінің құрылымын білу.
  • Сервистік компанияның P&L құрылымын білу.
  • Жобаларды басқару жөніндегі бағдарламаларды, Excel-ді меңгеру, Power point-та таныстырылымдар жасаудың жақсы машықтары.
  • Ағылшын тілін Upper-intermediate деңгейінен төмен емес білу (шетелдік жеткізушілермен тілдесу, ағылшын тілінде таныстырылымдар дайындау және қорғау керек).

Лауазымдық міндеттері:

  • Мобильді операторда мобильді қаржы сервистерін іске қосу бойынша роадмэп-ті іске асыру. Жоспарланған жобалардан әсерді цифрлау, уақытылы роадмэп орындау.
  • Телекомдағы жаңа трендтерді талдау, жаңа шешімдер ұсынатын серіктестермен кездесу, келешегі мол ұсыныстарды бөліп қарау мүмкіндігі.
  • Іске қосылған жобалар бойынша пост-талдау, басшылық үшін таныстырылымдар дайындау.
  • Жайғасым шеңберінде биллинг, топтық есептілік, сату, маркетинг, қызмет көрсету департаменті, техникалық қызмет, заң қызметі мамандарымен өзара әрекеттесу міндетті.
Жалақы есептеу жөніндегі жетекші бухгалтер

Міндеттері:

  • Жалақы есептеу және есептеп шығару;
  • Демалыс ақысын, еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды, сыйлықақы төлемдерін, үстеме жұмыс үшін төлемдерді және т.б. есептеу;
  • Статистикалық есептер жасау және тапсыру;
  • Салық комитеті үшін деректер жасау және тапсыру;
  • Шоттардың жұмыс жоспарын, ішкі бухгалтерлік есептілікке арналған құжаттардың нысандарын әзірлеуге қатысу.

Талаптар:

  • Жоғары білім;
  • Осыған ұқсас жайғасымда жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес;
  • Бухгалтерлік есеп, еңбек заңнамасы, ХҚЕС, салық заңнамасы қағидаттарын білу;
  • Жалақы бойынша барлық салықтар мен аударымдарды есептеу алгоритмдерін білу;
  • МS Office (Excel – сенімді түрде пайдаланушы), 1С 8 қосымшаларын, Банк-Клиент жүйесі бойынша электрондық бағдарламаларды еркін меңгеру;
  • Ағылшын тілін меңгеру (артықшылық болады)
Веб-әзірлеуші

Міндеттері:

  • MEAN арқылы инфрақұрылымның өз бетінше өрістетілуімен логика жазу және беттеу
  • Қолданыстағы веб-шешімдерді жөнге келтіру
  • Жаңа UI әзірлеу
  • Жобаларға қатысу

Талаптар:

  • Жоғары білім
  • MEAN stack-пен жұмыс тәжірибесі
  • markup: HTML5, CSS3 (LESS), Bootstrap сенімді түрде білу
  • JavaScript, желательно TypeScript үздік білу
  • webpack, browserify, gulp-мен жұмыс тәжірибесі болғаны абзал
  • AngularJS / React фреймворктарды білуі міндетті
  • RESTful, SOAP, WebSockets-пен жұмыс тәжірибесі
  • Серверлік сәулет пен оңтайландыруды түсіну
  • Нұсқаларды бақылау құралдарын міндетті түрде пайдалану
Сall-орталық операторы

Қойылатын талаптар:

  • Орта немесе аяқталмаған жоғары білім;
  • Сауатты сөйлеу және анық дикция;
  • Байланысқа бейімділік, сабырлылық және позитивті ойлау;
  • Көп көлемді ақпаратпен жұмыс жасай білу дағдысы;
  • Қазақ және орыс тілін білу;
  • Клиенттерге қызмет көрсетудегі жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес.

Міндеттері:

  • Компанияның Тарифтік жоспарі, қызметтері және науқандары юойынша ақпараттар ұсыну;
  • Өнімдерді пайдалану және қызметтерді реттеуде клиенттерге көмек көрсету;
  • Клиенттердің сұрауларын өңдеу және ақпараттарды деректер базасына енгізу;
  • Қоңырау шалғанда оңды эмоциялық көңіл-күйде болу.